KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

ШҚО: Көліктік бақылау инспекциясының басшылары сотталды

Фото: depositphotos.com

23.07.2024, 17:11 111 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облыстық соты көліктік бақылау инспекциясының басшысы Б. Нұралиев пен оның орынбасары А. Тұрақбаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

­- Олар лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны және кенді салмақ параметрлерінен асыра тасымалдау жолымен кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін кінәлі деп танылды, бұл мемлекетке 63 млн теңге сомасында залал келтіруге әкеп соқты, - деп жазды Антикордан.

Сот үкімімен Б. Нұралиев пен А. Тұрақбаевқа мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу