KZ
Өскемен
+17°
ясно Штиль
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

ШҚО-да экологиялық қауіпсіздік басты назарда: өңірдің болашағы – жасыл даму жолында

31.05.2025, 18:00 155 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстанда қоршаған орта сапасын арттыру мен өңір тұрғындарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету күн тәртібінен түскен емес. Бұл жолы да осы маңызды мәселе өңірлік деңгейде жан-жақты талқыланды: AMANAT партиясының ШҚО филиалы жанындағы Қоғамдық экологиялық кеңестің отырысында табиғатты қорғау саласындағы өзекті түйткілдер мен шешу жолдары қозғалды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Кеңес отырысына ШҚО бойынша Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Азамат Тауырбеков қатысып, өңір экологиясын сауықтыруға бағытталған нақты қадамдар жайлы баяндады. Оның айтуынша, департамент қазіргі таңда қоршаған ортаны ластау көлемін азайтуға және экологиялық тұрақтылықты арттыруға басымдық беріп отыр.

– Экологиялық мәселелерді шешу – біздің негізгі міндетіміз. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып келеміз. Әсіресе, өндіріс ошақтарындағы зиянды қалдықтар көлемін қысқарту, атмосфералық ауаның сапасын жақсарту – басты бағыттарымыздың бірі. Бұл ретте ең озық қолжетімді технологияларды енгізу – нақты нәтиже беретін құрал, – деді Азамат Нұрланұлы.

Мамандардың айтуынша, өндіріс ошақтарын жаңғырту – тек салалық емес, тұтас өңірлік мәселе. Себебі ауаның ластануы, табиғи ресурстардың сарқылуы мен қалдықтарды басқару секілді

факторлар ШҚО тұрғындарының өмір сапасына тікелей әсер етеді.

Аймақтағы экологиялық саясат – ашықтық, қоғамдық бақылау және сарапшылық қолдау қағидаттарына негізделген. Осы орайда, департамент ғылыми ұйымдармен, экологиялық ҮЕҰ-мен және сарапшылармен бірлесе жұмыс істеуді жалғастырып келеді. Бұл қадамдар өңір экологиясын жақсартуға бағытталған тиімді шешімдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Экологиялық кеңесте айтылған ұсыныстар алдағы жоспарларды пысықтауға негіз болмақ. Табиғатты сақтау – уақыт күттірмейтін міндет. Ал Шығыс Қазақстанның жасыл келешегі осы бастамалардан басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу