KZ
Өскемен
-6°
туман жел 2 м/с, СБ
505.53 593.44 6.34

Елімізде ипотека арзандайтын болды

Фото: freepik.com

11.06.2025, 11:00 191 Гульжан Мусина

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің бірлескен қаулысында айтылған.  Бірлескен қаулымен ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері 25%-дан 20%-ға дейін төмендетілді, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

- Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) мен Ұлттық банк 2024 жылғы тамызда қабылдаған «ЖТСМ шекті мөлшерлерін айқындау туралы» бірлескен қаулысына өзгерістер енгізді. Ипотекалық несиелер бойынша ЖТСМ 25%-дан 20%-ға дейін төмендетілді. Ал кепілсіз және кепілді банк несиелері, сондай-ақ микрокредиттер бойынша шекті мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды. Олар 46%, 35%, 25% және 46% болды, - делінген ресми құжатта.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу