KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 1 м/с, С
447.25 485.18 4.96

Қазақстандықтардың ипотекалық қарызы 2,4 трлн теңгені құрайды

1.10.2020, 12:28 283

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ипотекалық несиесі бар азаматтарды қолдау шаралары туралы айтып берді

2015 жылдан бастап ҚР Президентінің тапсырмасымен Қазақстанда Ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы қолға алынған болатын. Оған 286 млрд теңге қаражат бөлінді.

«Бүгінде 27,3 мың қазақстандықтың сыйақы мөлшерлемесі 3% түсті. 7,9 мың адамның валюталық қарыздарына конвертация жасалып, олардың қарыздық жүктемесі екі есеге азайды. Әлеуметтік тұрғыдан аз қорғалған топқа жататын 8 мың адамның негізгі қарызы азайтылды», - деді агенттік төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов.

Оның айтуынша, халықтың 388,6 мың ипотекалық несие бойынша қарызы 2,4 трлн теңгеге жеткен. 386,1 мың несие - теңгемен алынған, 2,5 мың несие - шетелдік валютада.

«Қолға алынған шаралардың арқасында ипотекалық портфельдегі проблемалық несиелер 7% төмендеді», - деді спикер.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив