KZ
Өскемен
+25°
небольшая облачность жел 2 м/с, СБ
518.97 607.3 6.64

2 мыңнан астам жұмысшыға 677 млн теңге жалақы қайтарылды

Фото: pixabay.com

11.06.2025, 16:00 125 Төлеуғазы Жансая

2025 жылдың 1 маусымына дейін еліміздегі 85 кәсіпорын 2 мыңнан астам адамға жалақы төлемей келгені белгілі болды. Жалпы берешек көлемі – 814 миллион теңге. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары еліміз бойынша 2 381 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 2 941 заң бұзушылықты анықтады. Олардың басым бөлігі – еңбек қатынастарына, яғни жалақы төлемеу, еңбек шартының болмауы сияқты жағдайлармен байланысты.

Қандай шаралар қабылданды?

Жалақыны кешіктірген және еңбек заңын бұзған мекеме басшыларына:

1 588 заңды талап (ұйғарым) берілді;

194 миллион теңгеден астам айыппұл салынды;

Жалақыны өтеу үшін қатаң кестелер мен нақты мерзімдер бекітілді.

Қабылданған шаралардың арқасында:

1 900-ден астам жұмысшының құқығы қорғалды;

Олар жалпы сомасы 677 миллион теңге жалақысын қайтарып алды;

Еңбек құқығы бұзылған 17,2 мыңнан астам адамның мәселесі шешілді.

Жалақы уақытылы төленбеуі, еңбек шарттарының сақталмауы – қарапайым адамдардың өміріне тікелей әсер ететін күрделі мәселе. Сондықтан мұндай заңбұзушылықтар Еңбек министрлігінің ерекше бақылауында. Мемлекет еңбек адамының құқығын қорғауға бағытталған жұмыстарды жалғастыра береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу