KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО еңбек инспекторлары жалақы төлемей жалтарған кәсіпорындарды анықтады

pexels.com

13.11.2024, 16:00 99 Гульжан Мусина

ШҚО-да еңбек инспекторлары 43 жұмыс беруші 559 қызметкерге 338,3 млн теңге қарыз екенін анықтады, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі. 
2024 жылдың 10 айында мемлекеттік еңбек инспекторларымен жеке және заңды тұлғалардың 1576 өтініштерін қарады. Еңбек қатынастары саласында 342   тексеру, оның ішінде 27 профилактикалық бақылау  жүргізілді. Бұдан бөлек, мемлекеттік еңбек инспекторлары 315 жоспардан тыс тексеріс ұйымдастырды. 

-    Тексеріс барысында 1257 бұзушылық анықталды, оның ішінде 817 жағдай еңбек қатынастарында, 434 жағдай еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауда, 6 жағдай халықты жұмыспен қамту барысында орын алды. Нәтижесінде 208  жұмыс беруші 28,4   млн теңге сомасына  әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 262  жұмыс берушіге нұсқама берілді, - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Бақытбек Қизатов. 

Сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекторлары облыстың 43 кәсіпорнында 559 қызметкер алдындағы 338,3 млн теңге сомасында жалақы берешегі барын анықтады. 

-    Ағымдағы жылдың 10 айына өтелген берешектің сомасы 265,5 млн теңгені құрайды. Еңбек жанжалдарына жол берілмеді. Берешекті өтеу жалғасады, - деп қосты департамент басшысы. 


Ақерке Рағызбаева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу