KZ
Өскемен
+23°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
518.97 607.3 6.64

Шығыс өңірінің әскери бөлімдері офицерлермен толықты

18.06.2025, 18:30 132 Әбішев Ержан

Кеше ғана курсант болған жас жігіттер — бүгінде әскери бөлімдердегі командирлер. Олар енді взводқа, сарбаздарға жауапты. Бұл – жай ғана лауазым емес, Отан алдындағы қасиетті борыштың басталуы, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Ұлттық ұлан академиясының түлектері Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің сапын толықтырды. Жас офицерлер алғашқы қадамдарын сеніммен бастады, олар взвод командирі, рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары қызметтеріне тағайындалды.

Қызметке кіріскен күннен бастап жас лейтенанттар үшін арнайы оқу-әдістемелік жиын ұйымдастырылды. Жиын барысында олар теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде пысықтап, жауынгерлік дайындық, әскери нарядтар мен қарауыл қызметін ұйымдастыру, бөлімшелердегі тәрбие жұмыстары, әскери құжаттармен жұмыс істеу сынды маңызды бағыттар бойынша машықтанды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу