Жұмысшы мамандықтары жылы: Шығыста «Кәсіби маман» байқауының қорытындысы шығарылды
ШҚО Кәсіпкерлер палатасы мен облыстық білім басқармасы бірлесіп, дуалды оқытудың өңірдегі нәтижелері мен даму мүмкіндіктерін саралап, «Кәсіби маман» байқауының аймақтық кезеңінің қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Палата директоры Қайрат Мамырбаевтың айтуынша, Шығыс Қазақстанда дуалды білім беру жүйесінің көрсеткіштері жыл сайын жақсарып келеді.
Сондай-ақ Қайрат Мамырбаев дуалды оқыту маман даярлаудағы ең тиімді жолдардың бірі екенін атап өтті.
Бұл жүйені алғашқылардың бірі болып енгізгендердің қатарында «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің корпоративтік оқыту орталығы бар.
Биыл алғаш рет «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында «Кәсіби маман» байқауы ұйымдастырылып отыр. Жуырда Өскемен қаласында байқаудың өңірлік кезеңі өтті.
Байқау жеңімпаздары:
«Кадрлар даярлауға қатысушы үздік кәсіпорын» аталымы – «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ
«Жұмысшы кадрларды даярлау жөніндегі үздік колледж» – Өскемен көпсалалы технология колледжі
«Өндірістегі үздік тәлімгер» – Тоқышев Ернұр, «Өскемен ЖЭО» ЖШС қазандық цехының аға машинисі
Жеңімпаздар енді республикалық кезеңде Шығыс Қазақстан облысының атынан өнер көрсетіп, бақ сынайтын болады.
Фото: «Атамекен» ҚР ҰКП