KZ
Өскемен
-19°
туман жел 1 м/с, СШ
510.18 601.91 6.51

Шығыстың сөз шеберлеріне құрмет көрсетілді

25.06.2025, 21:50 507 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында Байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған журналистер форумы өтті. Қоғам мен мемлекеттің арасын жалғайтын, ақпарат майданында алдыңғы шепте жүрген қалам иелерінің еңбегі осы күні ерекше бағаланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шара барысында сөз сөйлеген облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов журналистиканың қазіргі қоғамдағы маңызын айрықша атап өтті. Оның айтуынша, ақпарат құралдары — тек жаңалық тарату құралы емес, халық пен биліктің арасындағы диалог алаңы, сенім көпірі, қоғамдық сананы қалыптастырушы қуатты күш.
Форум аясында сала үздіктеріне мемлекеттік және ведомстволық марапаттар, сондай-ақ облыс әкімінің арнайы сыйлықтары табысталды.
Мемлекет басшысының атынан берілетін «Құрмет» ордені медиаорталықтың бас директоры Арсений Дүйсеновке және «Астана» телеарнасының облыстағы меншікті тілшісі Ирина Якунинаға тапсырылды. Ал «Шапағат» медалімен «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісі, Buqara.kz сайтының бас редакторы Талғатжан Мұхамедиев марапатталды.
Сондай-ақ:
    •    «Ерен еңбегі үшін» медалі — «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі, Қазақстан Журналистер одағының облыстық филиалының төрағасы Мерей Қайнаровқа;
    •    «Еңбек ардагері» медалі — «Деловой Казахстан» газетінің тілшісі Ольга Сизоваға;
    •    «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі — «Қазақстан» телерадиокорпорациясының облыстық филиал директорының орынбасары, бас редактор Мадина Карибаеваға;
    •    Осы төсбелгі «31 арнаның» тілшісі Жанар Асылханова мен Altai-News медиаорталығының контент-редакторы, Tengrinews.kz порталының меншікті тілшісі Юлия Чернявскаяға да табысталды.
Журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығы төмендегі аталымдар бойынша берілді:
    •    «Еститін мемлекет – жемқорлықсыз қоғам» номинациясы — BIZDIN ӨСКЕМЕН сайтының директоры Дарын Нұрсапарға;
    •    «Күшті өңір – ел дамуының қозғаушы күші» — «Шығыс ақпарат» медиажобасына (Altai-News);
    •    «Адал еңбек – абырой бастауы» — ustinka.kz порталының тілшісі Евгения Чехке;
    •    «Объективтегі өмір – кадр шебері» аталымы бойынша «Астана» телеарнасының операторы Владимир Петухов пен «Altai» телеарнасының операторы Мақсат Негметовке;
    •    «Үздік баспасөз хатшысы» — ШҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнұр Түсіповаға;
    •    «Қоғам игілігі үшін жүргізілген журналистика» — «31 арна» телеарнасының меншікті тілшісі Индира Какимоваға берілді.
Салалық марапаттар да назардан тыс қалмады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің атынан:
Айжанат Иксанова, Айнагүл Бакимбаева, Ольга Ушакова, Наталья Шимолина, Арман Шектыбаев, Айзада Адылбаева алғыс пен құрметке ие болды.
Сондай-ақ қала әкімінің арнайы марапаттары өңірлік және қалалық ақпарат құралдарының ұжымдарына табысталды. Олардың қатарында Yknews.kz, ustinka.kz, altainews.kz, sozmediakz, bizdin_oskemen, f16_kaz, boritimes.kz, «Altai» телеарнасы және buqara.kz порталдары бар.
Мерекелік жиын концерттік бағдарламаға ұласып, әріптестер арасындағы шығармашылық үндестік пен рухани байланыс одан әрі нығая түсті. Бұл — ақпарат саласының қоғамдағы ерекше рөліне берілген шынайы баға, қалам ұстаған қауымға көрсетілген құрметтің бір парасы болды.

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу