ШҚО журналистеріне облыс әкімінің сыйлықтары табысталды
Өскеменде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев БАҚ өкілдерімен кездесті.
Өңір басшысы журналистерді кәсіби мерекемен құттықтап, аталған саланың дамуына қосқан үлесі үшін марапаттады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аймақ басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Ерен еңбегі үшін» медалін «Қазақстан» телеарнасының жеке тілшісі Олжас Керейханға және «Хабар» телеарнасының жеке тілшісі Вячеслав Ветлугинге тапсырды. «Атамекен бизнестің» жеке тілшісі Жанболат Санияз «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, аймақ басшысы Ирина Плотникова, Салтанат Орынбекова, Антон Сергиенко, Меруерт Бахтиярова, Нұржан Қалекенов, Анель Есенбердина және Айзада Юнусова сынды БАҚ өкілдерін өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін грамоталармен және сыйлықтармен марапаттады.