DIDAR газетінің бас редакторы Президент қолынан марапат алды
Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің журналистика және телевизия саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күніне орай Ақордада салтанатты жиын өтті. Оған республикалық ақпарат құралдары ғана емес, өңірлердегі жетекші телеарналардың, газет-журналдардың, ақпараттық ресурстардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Атап өтерлігі, марапатталған журналистердің қатарында әріптесіміз – «Altai-News» медиа-орталығының продюсері, облыстық DIDAR газетінің бас редакторы Серік Құмарғалиұлы Әбілхан да бар. Ол «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.