KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 3 м/с, З
512.83 600.58 6.36

Өскеменде кезекші Халыққа қызмет көрсету орталығы басқа мекенжайға көшеді

27.06.2025, 14:30 371 Гульжан Мусина

1 шілдеден бастап Өскемен қаласындағы кезекші режимде жұмыс істейтін №1 Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) жаңа мекенжайға көшеді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ШҚО филиалы мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Енді №1 ХҚКО Сәтпаев даңғылы, 34/2 мекенжайында жұмыс істейді. Бұл орталық жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін үзіліссіз, ал сенбі күні сағат 8:00-ден 12:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.

Ал Өскемен қаласындағы №2 ХҚКО бұрынғы мекенжайында, яғни Қазақстан көшесі, 99/1-де қалыпты режимде жұмыс істейді. Оның жұмыс уақыты – жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін. Сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

Сонымен қатар, Самар тас жолы, 23 мекенжайында орналасқан кезекші мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады. Ол жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Дайын құжаттар кешкі 19:00-ге дейін беріледі. Сенбі күні азаматтарды қабылдау – 8:00-ден 11:00-ге дейін, ал дайын құжаттар 12:00-ге дейін тапсырылады.

Азаматтар құжат рәсімдеуді жеңілдету үшін электронды үкімет порталы арқылы да көптеген қызмет түрін онлайн ала алатынын еске саламыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу