Өскеменде кезекші ХҚКО мекенжайы өзгереді

Фото: ХҚКО
4 қаңтардан бастап кезекші кесте бойынша Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37а мекенжайы бойынша орналасқан №3 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейтін болады,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Айта кетейік, бұған дейін кезекші Сәтпаев, 34/2 мекенжайы бойынша ХҚКО болған. Қаңтарда ол әдеттегі қызмет көрсету кестесіне ауысады және азаматтарды жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін қабылдайды.
Естеріңізге сала кетейік, кезекші Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін түскі үзіліссіз, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.
Басқа ХҚКО-лар әдеттегі кесте бойынша жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Мамандандырылған ХҚКО мекен-жайы өзгеріссіз қалады: Өскемен қаласы, Самара тас жолы, 23. Ол дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 18.00-ге дейін жұмыс істейді, ал дайын құжаттарды беру 20.00 – ге дейін, сенбіде 9.00-ден 13.00-ге дейін.