Жол қауіпсіздігі – баршаға ортақ жауапкершілік
pixabay.com
Республика бойынша жаз мезгілінде жол бойына еркін жайылып жүрген үй жануарларының көбеюі көлік апаттарының артуына себеп болып отыр. Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жүргізушінің де, жануардың да өміріне қауіп төндіреді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы тұрғындарды жол қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
– Үй жануарларының иелері малын бақылауда ұстауы тиіс. Еркін жүрген мал республикалық маңызы бар автожолдарда төтенше жағдайларға себепкер болып жатыр. Мал иелері тек өз малына емес, өзгелердің де өміріне қауіп төндіретінін ұмытпауы қажет, – деп хабарлайды компания өкілдері.
Қазіргі таңда жол қызметкерлері республикалық жолдарда жануарларды жолдан алыстатумен күнделікті айналысуға мәжбүр. Бұл – уақытты, ресурсты талап ететін шара. Алайда апаттың алдын алудың жалғыз жолы – малды қараусыз жібермеу.
Оқи отырыңыз