KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

ШҚО-да қараусыз жүрген малдар айыппұл тұрағына қамалды

Фото: kzl.sud.kz

23.02.2024, 09:00 181

ШҚО Полиция департаменті және оның аумақтық бөлімшелері мал ұрлығының алдын алу және ашу жөніндегі жедел жағдайды тұрақтандыру, сондай-ақ профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында 21-23 ақпан аралығында бүкіл өңір бойынша "Мал ұрлығы" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ЖПІШ жүргізудің алғашқы күнінде жедел уәкілдер мал ұрлығына (осы уақытқа дейін жасалаған) қатысты  4 қылмысты ашты.

Сонымен қатар, тәулік ішінде тәртіп сақшылары еркін жайылып, иесіз жүрген 60 бас малды мамандандырылған қораларға қамады. Мал жаю ережелерін бұзғаны үшін 16 ауыл шаруашылығы жануарларының иелері жауапқа тартылды.

- Полиция қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарын қырағы болуға және малды қараусыз қалдырмауға, үй шаруашылығын нығайтуға, малды таңбалауға және ең қоюға шақырады, - деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

.Мал ұрланған немесе жоғалған жағдайда дереу жақын жердегі полиция бөліміне немесе "102" жедел арнасына хабарласыңыз. Бұл тәртіп сақшыларына қылмысты ізін суытпай ашуға және күдікті адамдарды жедел ұстауға көмектеседі.


Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу