KZ
Өскемен
-9°
туман Штиль
497.26 525.21 4.97

Семейде малға арналған "штраф стоянка" ашылды

29.05.2019, 04:09 145

Семейде төрт түлікке арналған уақытша қамау «изоляторы» ашылыпты. Осы жылдың басында. Онда еркін жайылымға жіберілген жылқы мен сиыр қамалады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Полицейлер мәселенің төркіні арыда жатқанын айтады. Бағусыз жүрген мал жолға шығып, оқыс жағдай туғызады. Бұл – бірінші себеп. Екіншіден, қараусыз жүрген соң, оны алып кету ұрыға оп-оңай.

– Қолындағы малына әркім өзі жауап беруі тиіс. Бірақ бізде жағдай басқаша болып тұр. Тұрғындар малын жөнімен жібере салады, одан соң кешке таба алмай, тәртіп сақшыларына қоңырау шалады. Бұл істі қолға алғанымыз жоғарыдағыдай себептерге байланысты, – дейді Семей қалалық полиция басқармасының бастығы Дулат Қазақпаев.

Басқармасының мәліметінші, бүгінге дейін 100-ден астам мал басы қамалып, иелері айып төлепті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу