KZ
Өскемен
-17°
небольшая облачность жел 2,5 м/с, ОШ
498.65 589.06 6.49

ТЖМ тікұшағы Өскеменге науқас әйелді шұғыл жеткізді

25.07.2025, 10:30 218 Гульжан Мусина

 

Ақжар кентінде шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болған әйел адамды құтқаруға Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы тартылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» қызметінің ұшқыштары Дулат Ахметов пен Азамат Кабден «МИ-8» тікұшағында санавиация дәрігерлерімен бірге 1982 жылы туған әйелді Ақжардан Өскеменге жеткізді.

Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, уақыт оздырмай, әуеден көмек көрсету қажет болды. Ұшқыштар мен медицина мамандары үйлесімді жұмыс істеп, ұшуды сәтті аяқтады. Әйел Өскемендегі ауруханаға аман-есен жеткізілді.

Мұндай шұғыл тапсырмалар үлкен жауапкершілік пен кәсіби дайындықты қажет етеді. ТЖМ мамандары осындай қиын сәттерде әрдайым көмекке келуге дайын екенін тағы бір дәлелдеді.

Видео: ҚР ТЖМ

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу