Зайсаннан Өскеменге: ТЖМ тікұшағы шұғыл көмекке мұқтаж әйелді жеткізді (видео)
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазавиақұтқару» қызметінің тікұшағы шұғыл медициналық көмек қажет болған Зайсан қаласының тұрғынын Өскеменге жеткізді. 1996 жылы туған әйелдің жағдайы ауыр болғандықтан, оны дер кезінде тасымалдау қажет болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ми-8 әуе кемесімен ұшуды «Қазавиақұтқару» ұшқыштары Евгений Гончаров пен Алишер Базарбаев жүзеге асырды. Санитарлық авиация дәрігерлері Рим Меңдібаев пен Татьяна Сергеева да осы рейске қатысып, қажетті көмек көрсетті.
Мұндай шұғыл рейстер жоғары кәсіби дайындық пен нақты әрекетті талап етеді. Экипаж мүшелері мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында ұшу сәтті орындалып, науқас әйел уақытылы медициналық мекемеге жеткізілді.