KZ
Өскемен
-20°
туман жел 1 м/с, С
504.6 594.27 6.48

Фототұзаққа сирек кездесетін сәт жазылды - Тарбағатай

"Тарбағатай" МҰТП РММ

6.08.2025, 19:00 253 Төлеуғазы Жансая

 

Табиғат тағы бір ғажабымен таң қалдырды. Шығыс Қазақстанның ормандарында орнатылған фототұзаққа бір емес, үш лағымен жүрген сібір елігі түсіп қалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, еліктер көбіне бір немесе екі ғана лақ табады. Ал үш лағының болуы — өте сирек кездесетін жағдай.

— Бұл аналықтың денсаулығы жақсы, қорек жеткілікті деген сөз. Бірақ үш лағын қатар асырау оған оңай емес. Себебі оларды өсіріп-жеткізу үшін көп күш пен қуат керек, — дейді экологиялық мониторинг бөлімі мамандары.

Табиғат заңдылығына сай, еліктің барлық лағы тірі қалып, есейіп кетуі де сирек. Көбінесе бір-екі лағы ғана аман қалады. Сондықтан бұл ерекше көрініс зерттеушілер үшін де, табиғатты сүйетін жандар үшін де қуанышты жаңалық.

Мамандар мұндай сирек сәттер табиғаттың тепе-теңдігі мен байлығын көрсететінін айтады.

Фотовидео/: "Тарбағатай" МҰТП РММ

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу