KZ
Өскемен
-33°
переменная облачность жел 3 м/с, СШ
518.39 603.09 6.68

Өскеменде күзет қызметкерлері лаңкестік қатерге дайындық бойынша сынақтан өтті

pixabay.com

8.08.2025, 15:30 210 Айдос Мырзахметов

Өскемендегі «Динамо» арнайы оқу орталығында күзет қызметкерлерінің кәсіби дайындығы тексерілді. Мақсат – лаңкестік қауіп төнген немесе төтенше жағдай болған сәтте олардың дұрыс және жедел әрекет ету қабілетін бағалау, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Терроризмге қарсы орталығына сілтеме жасап.

Іс-шараны ШҚО ҰҚК департаментінің Антитеррористік орталығы, облыстық Полиция департаменті және «Динамо» оқу-жаттығу орталығы бірлесіп өткізді.

Сынақ алдында қатысушыларға негізгі алгоритмдер, күзетшілердің міндеттері мен төтенше жағдайдағы әрекет ету тәртібі егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары және арнайы қызметтермен өзара байланыс орнатудың маңызы ерекше атап өтілді.

Тестілеу арнайы дайындалған сұрақтар арқылы өтті. Оны ҚР ҰҚК жанындағы Терроризмге қарсы орталық Штабымен бірге жергілікті бөлім әзірлеген. Бұл жолы білімін тексеруге «Динамо» орталығында оқып жатқан 11 адам қатысты.

Нәтижесінде қатысушылар террористік қауіп кезінде әрекет ету талаптарын жақсы меңгергенін және алгоритмдерді сенімді игергенін көрсетті.

Мамандардың айтуынша, мұндай жаттығулар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Олар күзет құрылымдарының дайындық деңгейін арттырып, лаңкестік әрекеттердің алдын алуға және салдарын азайтуға мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу