KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
522.38 612.6 6.54

Мектеп директорларына терроризмге қарсы нұсқаулық өткізілді – ШҚО

Фото: gov.kz

15.05.2023, 10:25 473

12 мамыр күні ШҚО білім басқармасы мектеп директорларына нұсқаулық өткізді. Шара ШҚО әкімі аппаратының терроризмге қарсы комиссиясы, Полиция департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесе ұйымдастырылған.

Жиында білім беру ұйымдарындағы терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық шеңберінде бекітілген алгоритмдер пысықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оқу-жаттығу шеңберінде мектеп персоналына, оның ішінде күзет ұйымдарына алгоритмдерге (іс-қимылдар мен міндеттерге) сәйкес нұсқама беру, мектеп оқушыларына алгоритмге сәйкес нұсқама беру, қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялауды ұйымдастыру сынды мәселелер талқыланды. Сонымен қатар техникалық құралдардың (дабыл түймесі, турникеттер және бейнекамералар) жұмыс істеуін, дабыл түймелері арқылы жеке күзет ұйымдарын шақырған жағдайда олардың жедел әрекет етуін тексеру де айтылды.

Іс-шараға офлайн режимде 31 білім беру ұйымының басшысы, бейнебайланыс арқылы 100 директор қатысса, YouTube арнасындағы оқу-жаттығудың тікелей көрсетілімін 100 директор көрген. Сонымен қатар 12 мамыр күні облыстағы барлық 342 мектептің оқушылары мен ұстаздарына нұсқаулық өткізілген.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу