Өскемен қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі (видео)
Фото: pexels.com
2024 жылғы 10 желтоқсан күні Өскемен қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу ұйымдастырылады. Бұл шараның негізгі мақсаты – терроризмдік сипаттағы төтенше жағдайларда жедел әрекет ету және қауіпсіздік шараларын жетілдіру.
Оқу-жаттығу барысында қарастырылатын мәселелер:
Террористік қауіп төнген жағдайда мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын пысықтау;
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жедел әрекеттерді тестілеу;
Шұғыл әрекет ету топтарының кәсіби дайындығын арттыру.
Оқу-жаттығу кезінде Желтоқсан және Пермитин көшелері, сондай-ақ АДК-Ривер аумағында автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылады.