Бүгін мектептерде терроризмге қарсы жаттығу өтеді
Шартты сурет
Бүгін еліміздің барлық мектебінде терроризмге қарсы бағыттағы оқу-жаттығу өтпек.
Оқу-жаттығу барысында «Білім беру объектілерінде терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық» аясында бекітілген алгоритмдер тәжірибе жүзінде пысықталады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Оған мемлекеттік және жекеменшік мектеп оқушылары, педагогтар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысады.
Айта кету керек, оқу-жаттығу тек профилактикалық мақсатты көздейді. Білім беру ұйымдарын терроризмнен қорғау, қауіптің алдын алу үшін мұндай жаттығулар тұрақты жүргізіледі.
Оқу-жаттығуды жүргізудегі түпкі мақсат – техникалық құралдардың тұрақты жұмыс істеуін бақылаудан бөлек, қауіп төнген жағдайда оқушылар, мұғалімдер мен қызметкерлердің дұрыс әрі қауіпсіздікті сақтап, жедел әрекет етуіне бағдарлау.
Министрлік балалардың қауіпсіздігін қашанда жіті назарға алып, мектептерде терроризмге қарсы қорғауды кешенді жүргізуге басымдық беріп отыр.