KZ
Өскемен
-5°
небольшой снег жел 2 м/с, С
517.66 606.49 6.44

ШҚО: Соңғы үш жылда 12 жаңа жекеменшік балабақша ашылды

depositphotos.com

12.08.2025, 14:00 298 Жанаргүл Көкенайқызы

Өңірдегі 388 мектепке дейінгі ұйымдарда – балабақша мен шағын орталықтарда – 29 мың бала тәрбиеленуде. Қазіргі таңда облыс бойынша балабақша кезегінде 2,4 мыңға жуық бала тұр. Аймақта мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді балабақшамен толық қамту мәселесіне баса назар аударылып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бүгінде облыстың мектепке дейінгі ұйымдарында 4,8 мың баланы қамтитын 229 мектепалды даярлық тобы жұмыс істейді. Сонымен қатар, биылғы оқу жылында өңір мектептеріндегі даярлық сыныптарында 6 мың бала оқытылмақ.

Еліміз бойынша 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 93,1 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған. Жыл соңына дейін осы жас санатындағы балалар үшін 49 мыңнан астам жаңа орын ашу жоспарланып отыр.

Соңғы жылдары облыстың кейбір қалалары мен аудандарында мектепке дейінгі ұйымдарға деген қажеттілік азайғанымен, Өскемен, Зайсан, Күршім және Ұлан аудандарының орталықтарында жаңа балабақшаларға сұраныс әлі де жоғары.

— Бұл мәселе жоспарлы түрде шешілуде. Соңғы үш жылда облыста 12 жаңа жекеменшік балабақша ашылып, қосымша орындар мемлекеттік тапсырыс арқылы қолжетімді болды, — дейді облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы Бақытгүл Қажибекова.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу