KZ
Өскемен
-9°
небольшой снег жел 5 м/с, З
514.74 599.36 6.71

Өскеменде ескі мектептер жаңғыртылады

altainews.kz
altainews.kz
11.08.2025, 15:00 238 Төлеуғазы Жансая

Қаладағы оқу орындарын жаңарту жұмыстары ескі бөлігінде жүргізілмек. Өйткені бұл аумақта жаңа әрі жайлы мектептер салуға арналған бос жер телімдері жоқ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО мәслихатының XXIII кезектен тыс сессиясында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскеменнің жаңа шағын аудандарында заманауи, жайлы мектептердің бой көтеріп жатқанын атап өтті.

– Ескі қала бөлігінде, еліміздегі көптеген қалалардағы сияқты, бос жер телімдері жоқ. Сондықтан біз білім беру саласындағы соңғы талаптарға сай етіп, қолданыстағы мектептерді реконструкциялауды ұсынамыз. Барлығымыз балаларымыздың ең жақсы мектептерде оқығанын қалаймыз. Бұрын біз балаларды Алматы мен Астанадағы жеке мектептерге жіберетінбіз. Бірақ бұл алыс. Енді өзіміздің ескі мектептерімізді жаңғырта аламыз, – деді өңір басшысы.

Әкім облыста білікті мұғалімдер жеткілікті екенін, тек оларға жайлы жағдай жасау қажет екенін айтты.

– Бұл тұрғыда бізге ірі кәсіпорындар көмектесе алар еді. Міне, қазір осы жерде кәсіпорын өкілдері отыр. Ойланып көріңіздер, жыл сайын бір-екі мектепті жөндеп берсеңіздер, бұл үлкен қолдау болар еді, – деп қосты Нұрымбет Сақтағанов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу