Орман ішінде – аю, қонжық, суыр: ерекше сәт бейнежазбаға түсті
Катонқарағай ұлттық паркінің қызметкерлері жұмыс барысында қызық жайтқа тап болды. Аршат орманшылығының ішінде серуендеп жүргенде, оларды орман қожайыны – аю, қасында еріп жүрген екі қонжығымен бірге қарсы алды. Бұл сәтті олар видеоға түсіріп үлгерді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Біздің күнделікті жұмысымыз – жай ғана табиғат аясында серуендеу емес. Әр күні жабайы аң-құстармен бетпе-бет келуіміз мүмкін. Бұл жолы біз Алтайдың нағыз иесін – кірекейді қонжықтарымен көрдік, – дейді ұлттық парк мамандары.
Бейнекадрда тек аю отбасы ғана емес, сонымен қатар тауда шауып жүрген суыр пен таутеке де бар.
Видео: Катонқарағай мемлекеттік ұлттық паркі
Оқи отырыңыз