KZ
Өскемен
-8°
плотный туман Штиль
505.53 593.44 6.34

ШҚО-да балалар үйінің тәрбиеленушілеріне баспана беру тәртібіне бақылау күшейтіледі

4.09.2025, 16:30 332 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қабылдау кезінде «ШҚО жетім балалардың құқықтарын қорғау» қорының төрайымы Александра Исмаилова балалар үйінің түлектеріне баспана бөлу барысындағы заңбұзушылықтарға назар аударды. Оның сөзінше, прокуратура тексерістері де бұл олқылықтарды растаған.

– «Отбасы банк» пен қор өкілдері тұрғын үйді бөлу барысына ашық мониторинг жүргізеді. Кезекте тұрғандардың тізімі қолжетімді болады. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік орган өкілдерінен арнайы жұмыс тобы құрылады. Оның басты міндеті – жетім балаларға баспана беру рәсімінің заңдылығын қадағалау, – деді облыс әкімі.

Өңір тұрғыны Светлана Асеева кіреберіс жолдардың жөнделуі мен ауладағы жарықтандыруды сұрады. Әкімнің айтуынша, жол жөндеу жұмыстары қыркүйек соңына дейін аяқталса, жарықтандыру алдымен мектептер маңында, кейін тұрғын аудандарда орнатылады.
Балалар үйінің түлегі, мүмкіндігі шектеулі Чингиз Құрманхан да өтінішін жеткізді. Ол тұрғын үй кезегіне қайта қойылып, қазір анестезиямен тіс емдеуді қажет етіп отыр.

– Әрбір өтініш – өмірлік нақты жағдай. Біздің міндет – проблеманы жай тіркеу емес, оны шешудің тиімді жолын табу. Денсаулық сақтау басқармасы клиникалармен келіссөз жүргізіп жатыр, – деді аймақ басшысы.

Осылайша, қабылдауға келген тұрғындардың әрқайсысының сұрағы назарға алынып, тиісті органдарға тапсырмалар берілді.

Елизавета Седых

Фото: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу