KZ
Өскемен
-25°
плотный туман жел 1 м/с, СШ
514.31 603.03 6.4

Баланы буллингтен қалай қорғауға болады?

stock.adobe.com

13.09.2025, 15:00 229 Төлеуғазы Жансая

Мектеп жасындағы балалардың көпшілігі түрлі қиындықтарға тап болады. Егер балаңыз себепсіз сабаққа барғысы келмей, жиі басы немесе іші ауырады десе, үйге сынған немесе жоғалған заттармен қайтып келсе, мінезі тұйықталып, сыныптастары туралы әңгімеден қашқақтай бастаса, бұл оның буллинг құрбаны болуы мүмкін екенін көрсетеді. Осындай жағдайда ата-ананың басты міндеті – баласына қолдау көрсету, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ІІМ сілтеме жасап.

Алдымен баланы тыңдап, айтқанына сену қажет. Сізге болмашы көрінген мәселе бала үшін өте маңызды болуы ықтимал. Онымен ашық сөйлесіп, мектепте өзін қалай сезінетінін, не мазалайтынын сұраған жөн. Өзін-өзі бағалауын нығайтып, жетістіктерін атап өту де үлкен рөл атқарады. Балаңыздың жеке шекарасын қорғауға үйретіп, “жоқ” деп айта білуіне мүмкіндік жасаңыз.

Үйде сенім атмосферасын қалыптастыру маңызды. Бала әрқашан ата-анасының жағында екенін сезінуге тиіс. Достық, құрмет, ізгілік жайлы әңгімелер жүргізіп, әділетсіздікке тап болған кейіпкерлерді бірге талқылау арқылы оның сезімталдығын арттыруға болады. Сонымен бірге агрессивті контентке шектеу қойып, интернет ортасын бақылау қажет.

Ең бастысы, ата-ана өзі үлгі болуы керек. Үй ішінде дөрекілікке, кемсітушілікке жол берілмеуге тиіс. Өйткені буллингтің салдарымен күрескеннен гөрі, оның алдын алу әлдеқайда жеңіл. Баланың қауіпсіздігі мен сенімі ең алдымен отбасындағы жылы қарым-қатынастан басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу