KZ
Өскемен
-17°
плотный туман Штиль
501.79 595.07 6.56

ТЖМ тікұшағы Зайсаннан нәрестені шұғыл жеткізді - ШҚО

15.09.2025, 09:00 197 Төлеуғазы Жансая

 

Зайсан ауданында нәрестеге шұғыл медициналық көмек қажет болғандықтан, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» тікұшағы санитарлық авиация мамандарымен бірлесіп баланы облыс орталығына жеткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ұшуды «Қазавиақұтқару» пилоттары Сергей Пинигин мен Бауржан Бутенбаев, сондай-ақ санитарлық авиация дәрігерлері Рафаиль Халитов пен Бек Асаубаев жүзеге асырды. Әуе рейсі сәтті өтіп, сәби тиісті медициналық мекемеге жеткізілді.

Мамандардың үйлесімді әрі жедел жұмысы қысқа уақыт ішінде адам өмірін құтқаруға мүмкіндік беріп отыр.

Видео: ШҚО ТЖД

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу