Өскемендегі қалалық Амфитеатрға жаңғырту жүргізіледі
Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов Instagram парақшасында қалалық Амфитеатрдың жағдайына қатысты мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, нысан қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орнына айналғанымен, бүгінде жаңартуды қажет етеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Келер жылы Амфитеатрды жөндеу және қайта құру мәселесі күн тәртібіне шығарылмақ. Жоспар бойынша тұрақты сахна орнатылып, көрермендерге ыңғайлы отыратын орындар жасалады. Бұл мәдени іс-шараларды жиі әрі жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік бермек.
«Қала тұрғындарының демалысы мен мәдени шараларды өткізуіне лайықты жағдай жасау – басты міндетіміз», – деді Алмат Ақышов.
Оқи отырыңыз

