KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 2 м/с, Ю
517.16 588.48 6.23

Өскеменде қоғамдық көлік жаңартыла бастады

Фото: Altainews.kz

8.04.2025, 13:00 192 Төлеуғазы Жансая

Өскемен қаласында жолаушылар тасымалын жақсарту мақсатында автобус паркі кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. Бұл туралы қала әкімі Алмат Ақышов жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Әкімнің айтуынша, қазіргі таңда қалаға 5 жаңа автобус сатып алынған. Алдағы уақытта тағы 35 автобус әкелінеді. Осылайша, қаладағы автобус паркінің 70-75 пайызы жаңартылады.

– Қандай жағдай болмасын, ескі көліктер әзірге қатарда қалады. Себебі автопаркті толық жаңартып болғанша, тұрғындарды тасымалдау процесін үзбеуіміз қажет. Бұл – уақытша кезең. Сондықтан қала тұрғындары түсіністік танытады деп сенемін, – деді Алмат Талғатұлы.

Қала әкімінің айтуынша, жаңа автобустар қалаішілік бағыттар бойынша кезең-кезеңімен жолға шығарылады. Бұл бастама Өскемендегі қоғамдық көліктің сапасын жақсартып, жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған.

Айдос Мырзахметов

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу