KZ
Өскемен
-18°
плотный туман Штиль
503.17 600.89 6.63

Өнер ордасы 26-шы маусымын көрерменге ерекше қойылыммен ұсынады - ШҚО

altainews.kz

17.09.2025, 19:00 233 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры жаңа өнер маусымын көрермендеріне ерекше тарту жасаумен бастамақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

20 қыркүйек күні сағат 17:00-де театр шымылдығы қырғыздың әлемге танымал жазушысы Шыңғыс Айтматовтың шығармасы негізінде қойылған «Шынарым менің, шырайлым менің» драмалық спектаклімен ашылады.

Қойылым – махаббат, ар-намыс, адам тағдыры және ұлттық болмыс мәселелерін қозғайтын терең психологиялық драма. Шыңғыс Айтматовқа тән рухани ізденіс, мәңгілік құндылықтар мен ішкі жан қақтығыстары сахналық тілмен әсерлі жеткізіледі.

Өтетін орны: ШҚО драма және оперетта театры, Өскемен қаласы, Қ. Сәтпаев даңғылы, 55.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу