KZ
Өскемен
-40°
туман жел 1 м/с, З
512.16 594.72 6.57

Өскеменде 120 тәрбиеші мектепке дейінгі білім бойынша біліктілігін арттырды

ШҚО Білім басқармасы
ШҚО Білім басқармасы
18.09.2025, 19:00 217 Төлеуғазы Жансая

8-17 қыркүйек аралығында Өскемен қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институты және ШҚО ББ «Örken» өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған мектепке дейінгі тәрбие саласы педагогтеріне арналған білім жетілдіру курсы өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Курсқа өңірдің мектепке дейінгі ұйымдарынан 120 тәрбиеші қатысып, кәсіби біліктіліктерін арттырды.

Бағдарламаның теориялық бөлімінде Балаларды ерте дамыту институтының мамандары дәрістер оқыды. Ал тәжірибелік сабақтар ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған валеологиялық мектеп-кешені» КММ мен бірқатар балабақшалар базасында өтті.

Практикалық алаңдарда тәрбиешілер ойын арқылы оқытудың тиімді әдістерін, балалардың қызығушылығын арттыруға бағытталған тәсілдерді меңгерді. Сондай-ақ дамытушы ойын орталықтарын құру бойынша әдістемелік кеңестер алып, балабақша педагогтерінің озат тәжірибесімен танысты. Шара соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар курстың жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, кәсіби дамуға қосқан үлесі үшін ризашылықтарын білдірді,- делінген ШҚО Білім басқармасының ресми хабарламасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу