KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

БОЛАШАҚ БҰЛЫҢҒЫР БОЛМАС ҮШІН...

23.10.2024, 17:30 99 Төлеуғазы Жансая

2024 жылдың   23 қазанында ШҚО Білім басқармасы «Örken» өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы ҚР Оқу –ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» бірлесе отырып, «Құзіреттілік орталықтары: тәжірибе, инновация, перспективалар» тақырыбында республикалық семинар өткізді.

Іс-шараға ҚР Оқу – ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының қызметкерлері, өңірлік  әдістемелік орталықтарының басшылары, әдіскерлері, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері мен педагогтері қатысты.

Шара пленарлық және тәжірибелік алаң болып екі бөлімде ұйымдастырылды. ШҚО, Абай, Павлодар облыстарының мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен педагогтері шара аясында  таныстырылым, тәжірибе үлгісі, лайфхактар, шебер-сынып, іскерлік ойындарды жүзеге асырды. Семинарға қатысқан 150 ге жуық педагогтардың семинар бағдарламасы аясында түске дейін төрт балабақшаға барып, мектепке дейінгі ұйымдардың тәжірибелерімен танысып, әдістемелік қоржындарын толықтыруға мол мүмкіндік болды.

Оқу-ағарту министрлігінің жанындағы балаларды ерте дамыту институты директорының міндетін атқарушы Мәрия Ерманова:    

- Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы және «Өркен» өңірлік орталығымен бірлесе отырып министрліктің мектепке дейінгі білім беру департаменті және балаларды ерте дамыту институты бірлесе отырып еліміздің әр өңірінде семинар өткізіп жатырмыз. Бұл жерде мектепке дейінгі ұйымдардағы мобильді топтардың, білім басқармалары, оқу-әдістемелік кабинеттердің жанындағы және құзыреттілік орталықтар, мектепке дейінгі озат тәжірибені тарататын, жалпы инновациялық технологияларды қолдану бойынша осы құзыреттілік орталықтарының жұмысымен танысуға мүмкіндік алдық. Түске дейін біз секциялық отырыстарда төрт құзыреттілік орталықтың жұмысымен таныстық.

2021 жылы мектепке дейінгі оқытудың тәртібі мен мемлекеттік стандартты үлгілік оқу бағдарламасы жаңартылды. Жаңартылған мазмұнды іске асыру негізінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасына қол жеткізу үшін министрліктің арнайы бұйрығымен осындай құзыреттілік орталықтар ашылған болатын. Осы құзыреттілік орталықтардың жұмысына семинар аясында ортақ сараптама жасмақпыз. Бұл семинарға 20 өңірден арнайы келген қатысушылар бар. Олар осы семинарда өздерінің озат тәжірибелерімен бөлісетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу