KZ
Өскемен
-19°
туман жел 1 м/с, С
510.18 601.91 6.51

Риддерде көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ – ШҚО

19.09.2025, 20:09 225 Төлеуғазы Жансая

Риддер қаласында жаңа көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Жоба бойынша стационар 200 төсекке арналған болса, емхана күніне 500 адамды қабылдай алады. Нысанның жалпы құны – 34,8 миллиард теңге. Оның ішінде 2024 жылы Арнайы мемлекеттік қордан 28,1 миллиард теңге бөлінген. Құрылысты «Элхон» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аурухана кешені жалпы ауданы 40 мың шаршы метрден асатын үш ғимараттан тұрады:
емхана (400 ересек пен 100 балаға арналған, 5 блок, 4 қабат, дайындық деңгейі – 93%);
стационар (5 блок, 3–5 қабат, дайындық деңгейі – 52%);
ас блогы (1 қабат, дайындық деңгейі – 93%).
Құрылыс алаңында шамамен 260 жұмысшы мен 11 техника бірлігі жұмылдырылған. Емханада жабдықтарды орналастыру және кіреберіс бөлік бойынша жұмыстар аяқталуға жақын.
Стационар ғимаратында сыртқы қабырғаларды қалау аяқталып, терезе блоктары орнатылды. Қазір ішкі әрлеу, кафель төсеу, жылыту жүйесін монтаждау және қасбетті орнату жұмыстары жүріп жатыр. Ас блогында әрлеу жұмыстары жүргізілуде, қажетті жабдықтың бір бөлігі жеткізілді.
Сонымен қатар, аурухана аумағында тротуарлар мен бордюрлер орнатылып, асфальт төсеу жұмыстары басталды. Жабдыққа қатысты да белсенді жұмыс атқарылуда: емханаға 231 атаулы техника жеткізілді, тағы 170 дана жабдық жеткізушілердің қоймасында тұр, ал 231-і жолда. Жеткізу мерзімі – қыркүйек-қазан айлары.
Жоспар бойынша көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы 2025 жылдың желтоқсан айында толық аяқталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу