Риддерде бірегей аурухана кешені бой көтереді
Риддер қаласында бір ауысымда 500 адамға қызмет көрсететін емханасы және 200 орындық стационары бар көпбейінді аурухана кешені салынып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазір әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысанның шатыры салынып, терезелері орнатылды. Сондай-ақ барлық коммуникациялық жұмыстар мәреге жетті. Жоспар бойынша қыркүйек-қазан айларында емхана құрылысы аяқталуға тиіс.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев жаңа ауруханаға мамандарды тарту үшін әлеуметтік тұрғыда жағдай жасау, соның ішінде баспанамен қамту мәселесін жолға қою керектігін атап өтті. Бүгінде моноқалаға 10 дәрігер, 15 медбике қажет.
Жаңа аурухана кешені заман талабына сай жабдықталып, келушілерге барлық жағдай жасалуға тиіс.
Ал стационар құрылысы 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.
Мамандардың айтуынша, аурухана жоғары сапалы медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ мұнда 500-ден астам қызметкер жұмыс істейтін болады.