ШҚО-да түрік кәсіпкерлеріне арналған форум өтеді
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Түркия Республикасының елшісі Мустафа Капуджумен кездесті. Тараптар алдағы уақытта екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өз кезегінде Мустафа Капуджу ШҚО-да түрік кәсіпкерлеріне арналған форум ұйымдастыруды ұсынды. Сондай-ақ, ол Түркияда түсіріліп жатқан қазақ мәдениеті туралы деректі фильмге Шығыс Қазақстан табиғаты жайлы арнайы сюжет енгізуді ұсынды.
Тағы бір бағыт – әйелдер кәсіпкерлігін дамыту.
Түркия елшісі халықаралық «Altai Invest-2025» инвестициялық форумына қатысады.
Оның айтуынша, сапардың басты мақсаты – қазіргі жағдайды бағалау және серіктестікті күшейтудің жаңа бағыттарын іздеу.
Мустафа Капуджу алдағы форумды Шығыс Қазақстан облысының әлеуетімен танысуға және өзара тиімді әріптестіктің жаңа жолдарын айқындауға мүмкіндік деп санайды.
Елизавета Седых
Фото: Махаббат Ахметжанова
Видео: Евгений Щетников


