Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына кәсіпкерлік дағдыларын үйретуге бағытталған «Өз бизнесің: қадам қадаммен» әлеуметтік жобасы өз жалғасын табуда.
Жоба аясында 28 маусым күні офлайн және 25 шілде күні онлайн форматтарда семинарлар өтті.
АҚШ- тың Қазақстан республикасындағы елшілігінің шағын гранттар бағдарламасы аясында, «Салауат» Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шарада қатысушыларға тәжірибелі тренерлер бизнесті қалай жүргізу керек, мемлекеттік тапсырыс және бизнес-жоба жазу жайлы семинар жүргізді.
ШҚО әртүрлі аудандарының тұрғындарына арналған бұл семинардың жалғасы карантиндік шараларға байланысты онлайн форматта өтті. Бұл семинарда қатысушылар тәжірибелік тапсырмалар орындап, гранттық өтінімдік жоба жазуды үйренді.