KZ
Өскемен
-20°
плотный туман Штиль
504.6 594.27 6.48

24 айға дейін бөліп төлеу. Дәулет Мұқаев халыққа қаржы сауатына қатысты кеңес айтты

4.11.2023, 12:00 567 Назерке Каримова

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев оқырмандарына қаржылық сауаттылыққа байланысты ескерту жасады.

Мәжілісмен қазір дүкендерде болып жатқан акцияны "Бөліп төлеу - өліп төлеу акциясы" деп атады.

- Жарнамасы жер жарған 24 айға дейін бөліп төлеу акциясы көптеген банктерде басталды. Жылтыраған дүниеге қызыға бермеңіз. Әркім өзінің қаржылық мүмкіндіктерін есептеген дұрыс. 

Мәжілісменнің айтуынша, акция кезінде тауарлардың бағасы көтеріліп кетеді.

- Сосын бар ғой. "Бөліп төлеу" деп кез келген заттың бағасын көтеріп қояды. Мысалы, осыдан 4 күн бұрын қараған қысқы дөңгелек 400 мың болса, бүгін 450 мың теңге. Осындай мысалдар жетеді. Қысқасы, көтере алмайтын шоқпарды белге байламау керек, - деп жазды депутат.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу