KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 5 м/с, С
441.66 475.14 4.86

Даниал Ахметов Президенттің қабылдауында болды

28.05.2021, 08:13 254

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті қабылдады, деп хабарлайды Алтайньюс  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президентке Шығыс Қазақстан облысының жыл басынан бергі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді.

Кездесу барысында өңірдің инфрақұрылымдық даму мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы ретте, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы бойынша берілген тапсырмаларының орындалуы, сондай-ақ екінші жарты жылдыққа жоспарланған Семей қаласындағы жүк таситын көліктерге арналған көпірдің қайта жөнделу барысы баяндалды. Одан бөлек, Даниал Ахметов Президентке Өскемен және Үржар қалаларындағы әуежайларды қайта жөндеу жұмыстары туралы ақпарат берді. Әуежайларды жаңғырту жұмыстары биыл жыл соңына дейін аяқталады.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына арналған тұрғын үйлер мен инфрақұрылымдардың құрылысын жылдамдату қажет екенін айтты. Әкімнің айтуынша, 2020 жылы жағдайы төмен және көпбалалы аналарға 1 049 пәтер мен үй берілсе, ал осы жылдың соңына дейін оларға қосымша тағы 1 125 баспана беріледі.

Кездесуде көтерілген тағы бір мәселе – аграрлық сектордың экспорттық әлеуетін нығайту перспективалары. Даниал Ахметов Мемлекет басшысына жылына 300 мың тонна өнім шығаратын майлы дақылдарды қайта өңдеу зауытын іске қосу және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін одан әрі кеңейту жоспарын таныстырды.

Одан бөлек, өңірдің индустриалды-инновациялық даму мәселелері сөз болды. Даниал Ахметов Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты құрылысының екінші кезеңі туралы мәлімет берді.

Президент кездесу қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив