Айлакер әйел жас жігіттің телефонын иемденіп алды - ШҚО
Наурыз айының басында Семей қ. ПБ Әуезов полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 20 жастағы жігіт хабарласып, оның танысы өзінің қымбат ұялы телефонын алдап алғанын хабарлады. Осылайша 260 000 теңге материалдық шығын келтірген.
Полиция қызметкерлері жедел ізге түсумен 32 жастағы әйелді анықтап жеткізді. Күдікті тергеу әрекеттері барысында кінәсін толық мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз