KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Арзан пәтер сатып беремін деп алдап кетті - Семей

9.12.2021, 14:15 262

Ағымдағы жылдың қараша айының соңында семейлік полицейлерге 24 жастағы жергілікті тұрғын бейтаныс әйел 2021 жылдың ақпан айының соңында оған нарықтық бағадан төмен баға бойынша пәтер сатып алып беремін деп, сенімге кіре отырып, оның 3 000 000 теңге сомасындағы ақшасын иемденгені туралы хабарлаған.

Криминалдық полиция қызметкерлері бұрын осындай қылмысы үшін сотты болған, 27 жастағы қала тұрғынын анықтаған.

Келесі күні алаяқтың тағы екі құрбаны 52 және 27 жастағы зардап шегуші арызданған.

Жәбірленушілердің айтуынша, айлакер 2021 жылдың ақпан айының соңында және тамыз айының соңында осы схема бойынша олардың жалпы сомасы 6 850 000 теңгені иемденген.

Тергеу амалдары барысында 27 жастағы күдікті әйел жоғарыда аталған қылмыстарды жасағанын мойындады.

- Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі мен 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.   

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу