KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Үйіңіздің маңын қарғын су басып кетпес үшін не істеу керек?

12.03.2021, 09:31 409

Су тасқынына қарсы шараларды өткізу барсында Өскеменнің аумағынан шамамен 129 мың текше метр қар шығарылды. Оған коммуналдық қызметтер мен мердігерлік ұйымдардың барлық техникасы тартылды.

Жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде, негізгі шаралар түнгі уақытта жүргізіледі. Тәулік бойы қала аумағын тазалау бойынша жұмыстарға  түнгі уақытта 60 бірлікке дейін және күндізгі уақытта 30 бірлікке дейін қар тазалағыш техникалар тартылды. Басты күштер жекеменшік секторындағы көшелерді тазалауға жіберілді. Қала көшелері мен жолдарын қысқы уақытта ұстаумен айналысатын мердігерлік ұйымдармен түскен қардан көшелерді, жүргінші жолдарын, алаңдарды, көпірлер мен жүру жолдарын, шығу және түсу жолдарын, жүргінші жолдарын, көше қиылыстарын, кіру тұрақтары мен қону алаңдарын, автобус аялдамаларын тазалау, жүргінші бөліктері мен жолдарын құммен себу, көшелердің жүру жолдарынан қарларды  соқа-щеткалы құрылғысы бар автогрейдерлермен, автокөліктермен және тракторлармен жинақтау, қаланың орталық көшелерінен қарды шығару бойынша жұмыстар орындалды.

Өскемен қаласы ТЖ басқармасы мамандарының мәліметі бойынша жыл бойы азаматтар тұратын, саяжай қоғамын қосқанда, 954 тұрғын үй су басуға жатады.

Шаруашылық жүргізу объектілерінде су тасқынына қарсы комиссия құрылды, ықтимал қауіпті учаскелерге бақылау бекеттері қойылды және кезекшілік графигі жасалды. Көктемгі су тасқынын өткізуге тиісті дайындық үшін су өткізгіш құбырларды, өзен, жылға, жыра, арық, тау орларын және жасанды құрылыстарды тазалау жұмыстары орындалады.

Қажет болған жағдайда құмы бар қаптармен уақытша бөгет тұрғызу қарастырылған. Осы жұмыстарды жүргізу үшін бүгінгі күні  27 000 қап және 285 мың куб құм және 200 мың куб метр- құм-қиыршық тас қоспасы, 208 тонна ЖЖМ дайындалған. Су басу жағдайына 55 бірлік техникасы және 63 мотопомпасы және 135 жеке құрамы бар тәулік бойы кезекшілік ететін топ, 4 өрт-сору станциясы, 26 бірлік жүзу құралы құрылған.

Еске сала кетсек, Ескі сгра ауданындағы Үлбі өзені жағалуы бойындағы тұрғын үйлерді су басып кетпеу үшін, «2020-2021 жылдарға қамту Жол картасы» бағдарламасы аясында Степной ауылы ауданында Үлбі өзенінің арнасын түзету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға шешім қабылданған. Бұл шараға 650 млн. 687 мың теңге бөлінді, 2020 жылдың күзінде жоғарыда аталған учаскеде жоспарланған жұмыстар толықтай жасалды. Осылайша су тасқыны кезеңінде «Өскемен Водоканал» КМҚК суқоймасын, Өскемен қаласы әкімдігінің № 18 орта мектебін, сондай-ақ  459 адам тұрғыны бар Гражданская, Городская, Кутякова, Проходной, Яблоневый, Агрономическая, Депутатов, Кубинская, Узбекская, Рахмановская, Сибирская, Ульбинская, Согринская, Бортникова көшелері бойынша Үлбі өз. арнасы бойындағы Ескі Согра кентіндегі 270 тұрғын үйді су басудан қорғалды.

Өскемен қаласының ТЖБ, егерде Сіз су тасқынынан жиі зардап шегетін ауданда тұратын болсаңыз,  онда:

-        еріген қар суларын бұру бойынша алдын ала қамдануыңыз, өз үйіңіздің айналасындағы орларды тазалуыңыз;

-        су кептеліп қалмас үшін, сәйкесінше мүмкін болатын су басуға әкеп соқтырмас үшін, жылға арналарына қоқыстарды тастамау;

-        үй маңы аумағын қардан тазалауды жүргізу;

-        үй аумағына үйінді жасау үшін қолда бар материалдарды (қаптар, қиыршық тастар, құм, топырақ) дайындау;

-        барлық құнды заттарды және құжаттарды салу, сондай-ақ жылы киімдерді, азық-түлік қорларын және суды су өтпейтін полиэтилен пакеттерге салып, арнайы «қатер» чемоданына немесе рюкзагына салу қажеттігін ескертеді.

Алайда, егер су  үйге кіріп кетсе, шұғыл түрде көмек сұрап «112» телефонына қоңырау шалыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив