Шемонайха ауданындағы «Уба» шипажайы сәуірде ашылуы мүмкін
Шемонайха ауданындағы «Уба» шипажайы сәуірде ашылуы мүмкін. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің есептік кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Мен «Убаға» бірнеше рет барып көргенмін. Шипажай қатты ұнады. Халыққа қажет демалыс орны деп ойлаймын. Сондықтан ондағы карантиндік шектеулер алынып, тезірек ашылса деген тілегіміз бар, – деді Күршім ауданының тұрғыны Есмембет Ақтәкенов.
Облыс әкімі Даниал Ахметов:
– Қазір өңірдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталды. Сондықтан бұл өте орынды ұсыныс деп есептеймін. Демалыс базасын ашуға сәуір айында кірісеміз, – деп жуап берді.
Оқи отырыңыз