KAZ MINERALS жылына 160-180 мың унция алтын өндіруді жоспарлап отыр
KAZ Minerals Тобы 2020 жылдың өндірістік қызметінің қорытындысы, қаржылық нәтижелері мен жоспарларын жариялады.
Топтың 2021 жылға арналған жоспарлары кендегі мыстың болжамды көрсеткіштеріне және Ақтоғай мен Бозшакөл байыту фабрикаларының жобалық қуаттарында жұмыс істейтіндігіне негізделген.
2021 жылы KAZ Minerals 275-295 мың тонна аралығында мыс өндіруді жоспарлап отыр, оның ішінде: Бозшакөл – 110-120 мың тонна, Ақтоғай – 115-125 мың тонна (Ақтоғайды кеңейту жобасының аз мөлшерін қоса алғанда), Шығыс өңір кәсіпорындары және Бозымшақ – шамамен 50 мың тонна.
- Ақтоғайды кеңейту жобасындағы өндіріс 2021 жылдың соңына қарай басталады деп күтілуде. Жыл бойында компания жұмыс барысы туралы жаңартылған ақпаратты ұсынады, - деп хабарлайды KAZ MINERALS Тобының
Корпоративтік байланыстар департаменті.
Бозшакөлдегі алтын өндіру 2021 жылы 120-130 мың унция аралығында болжанып отыр. Шығыс өңірде және Бозымшақта 40-50 мың унция өндіру жоспарланып отыр. Себебі - алтынның құрамы тау-кен жұмыстарының жоспарына сәйкес төмендейді. Бүкіл Топтың жылдық болжамды алтын өндірісі - 160-180 мың унция.
Сондай–ақ, 2021 жылы кендегі күміс пен мырыш мөлшерінің төмендеуі күтілуде, күміс өндірісінің жоспарлы көрсеткіші шамамен 2,8 млн унция деңгейінде, концентраттағы мырыш - шамамен 40 мың тонна деңгейінде белгіленді.