KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Даниал Ахметов Күршім көпірі туралы: Жақын арада жұмысқа кіріседі

2.02.2021, 09:34 240

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырмада су қоймасындағы көпір құрылысына биыл 1 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Шығыс Қазақстандағы Күршім мен Көкпекті аудандарын жалғайтын «Қызыл ту» өткеліне көпір салынатыны белгілі.

 

Биыл осы мақсатта облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінген. Бұл жайлы облыс әкімі Даниал Ахметов Facebook парақшасында жазды.

 

«Күршім ауданының әкімі Дулат Қажановтың есеп беру кездесуіне қатыстым. Кездесу барысында тұрғындар шекаралық ауылдарды дамытуға бағытталған кешенді жоспар аясында атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Сондай-ақ биыл шешілуі тиіс бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Мәселен Ұранхай ауылына мектеп салу. Бұл ретте былтыр жобалық-сметалық құжаттама әзірленген, осы айда сараптама аяқталады. Аудандағы бірнеше елді мекендердегі интернет байланысының сапасы да өзектілігін жоғалтқан жоқ», - деді ол.

 

Аудан халқы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір мәселесін де назардан тыс қалдырмаған.

«Осыған байланысты өткен жылы байқау өтіп, мердігер компания анықталғанын атап өткім келеді. Биыл облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлдік, жақын арада мердігерлер жұмысқа кіріседі», - деді Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, Күршім ауданы - облыстың әлеуметтік маңызы зор аудандарының бірі. Шалғайдағы елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға ерекше назар аударылып, 6,8 млрд теңге инвестиция тартылған. Өңірдің шекара маңындағы аумақтарды дамытудың кешенді жоспары аясында Қалжыр және Боран ауылдарында су құбыры желілерінің құрылысы аяқталды.

«Алты ауылда су тазарту үшін блокты-модульді станциялар орнатылды. Марқакөл ауылында су құбыры желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді. 39 шақырым ауыларалық автокөлік жолдары жөнделген. Күршім ауылындағы жабық бассейннің құрылысы аяқталып, Қалжыр ауылында спорт модулінің құрылысы басталды», - деді облыс әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу