Кім мықты? ШҚО-дағы әкімдер рейтингісі жарияланды
Шығыс Қазақстан облысы қазіргі уақытта коронавирустың таралу қарқыны бойынша «жасыл аймақта» екені белгілі. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің пікірінше, бұл – тиісті қызметтердің үйлесімді жұмыс істеуінің және тұрғындардың жоғары жауапкершілігінің нәтижесі. Ал қала-аудан әкімдерінің қайсысы коронавируспен күресте тиімді жұмыс жүргізе білді?
Көшбасшы телеграм мессенджеріндегі No Cov VKO ақпараттық тобында дауыс беру арқылы анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой көшбасшы болды.
Оған 3035 жазылушы дауыс берген. Екінші орында – 2912 дауыспен Жарма ауданының әкімі Ахметқали Нұрғожин.
Үздік үштікті Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар түйіндеді.
Облыс орталығының басшысы 2076 дауыс жинады. Одан кейінгі орынға Аягөз ауданының басшысы Сейілбек Ысқақов орналасты. Ал ең аз дуыс жинағандар – Курчатов қаласының, Бесқарағай және Бородулиха аудандарының әкімдері.
ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, пандемия басталғаннан бері облыста 18552 адам коронавирус жұқтырған. Науқастардың үштен бірі немесе 28%-ы облыс орталығының тұрғындары. Ауырғандар саны бойынша екінші орында Семей қаласы, үшінші орында Глубокое ауданы тұр.
Қалалар-аудандар бойынша:
- 5242 Өскемен қаласында (28%);
- 3767 Семей қаласында (20%);
- 1387 Глубокое ауданында (7,5%) (Глубокое к. 377 - 27%);
- 1323 Алтай ауданында (7,1%) (Алтай қаласы 700 – 53%);
- 1286 Риддер қаласында (6,9%);
- 659 Ұлан ауданында (3,6%) (қ. Қайсенов кенті 187 – 28%);
- 633 Аягөз ауданында (3,4%) (Аягөз қаласы 446 – 71%);
- 595 Жарма ауданында (3,2%) (Қалбатау ауылы 207-35%);
- 570 Тарбағатай ауданында (3,1%) (Ақсуат ауылы 154 – 28%);
- 554 Шемонаиха ауданында (3%) (Шемонаиха қ. 216 - 39%);
- 425 Катонқарағай ауданында (2,3%), (Үлкен Нарын ауылы 161 – 38%);
- 411 Көкпекті ауданында (2,2%) (Көкпекті ауылы 109 – 27%);
- 407 Бородулиха ауданында (2,2%) (Бородулиха ауылы 110 – 28%);
- 378 Курчатов қаласында (2%);
- 279 Зайсан ауданында (1,5%) (Зайсан қ. 119 – 43%);
- 215 Күршім ауданында (1,2%) (Күршім ауылы 124 – 58%);
- 199 Бесқарағай ауданында (1,1%), (Бесқарағай ауылы 95 – 48%);
- 120 Үржар ауданында (0,6%) (Үржар ауылы 45 – 38%);
- 102 Абай ауданында (0,5%) (Қарауыл ауылы 53 – 52%).

Оқи отырыңыз