KZ
Өскемен
-14°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

Қалада үй ауласында немесе көшеде көлік жууға бола ма?

8.04.2019, 05:50 479

Көктем деген – көліктерге «жау» мезгіл. Жарқырап жүретін мәшине жоқ-ау сірә бұл кезде. Ал сатпақ болған темір тұлпарын қайта-қайта арнайы жерге жудыра беруге екінің бірінің қалтасы көтере бермесі белгілі. Шелектен шыққан су шүберекті сығымдап, көлікті айналып-толғанып жүргендерді оқтын-оқтын ұшырастырып қалатынымыз сондықтан болса керек.


Сонымен, қалада үй ауласында немесе көшеде көлік жууға бола ма, жоқ па?


Қаланы көріктендіру туралы ережені ашайық. Қалаларда аздаған өзгешіліктер болуы мүмкін, десе де біз бәріне ортақ келетін бір тармақты оқиық.


«Көпқабатты үйлердің ауласында, су тартатын құдықтардың, арықтардың жанында және демалыс орындары мен қоғамдық орындарда көлікті жууға, тазартуға және жөндеуге болмайды».


Ережені бұзған адамға, әкімшілік кодекстің 505-бабына сәйкес, бірінші рет ескерту беріледі немесе 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (50 500 теңге) айыппұл салынады. Ал екінші рет қайталанса, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (75 750 теңге) айыппұл салынады. Заңды тұлғаларға айыппұл мөлшері көрсетілген сомадан артық болатынын айта кетейік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу