KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
439.4 473.54 4.76

Қазақстан азаматтығын алған Алтайдың "қара маржаны" Чехия астанасында жеңіске жетті

8.04.2019, 05:16 274

«Altay Athletics» үшін жаңа маусым аса сәтті басталды. Өскемендік кәсіби жеңіл атлетика клубының беткеұстар спортшыларының бірі Каролина Кипкируи Чехия астанасы Прага қаласында өткен «Sportisimo Prague Half Marathon-2019» жарысында жеңіске жетті.


Gold Label сериясына кіретін аталмыш жарыс әлемдегі ең мәртебелі додалардың бірінен саналады. Мәселен, осымен 21-ші рет ұйымдастырылған бұл жолғы бәсекеге ұзын саны 11 500-ге жуық спортшы қатысыпты. Олардың ішінде біздің Каролин Кипкируи де болды.


Осыдан біраз бұрын Қазақстан азаматтығын алған экс-кениялық желаяқ Прагада ұзындығы 21,097 шақырымды құрайтын жартылай марафонға қатысқан болатын. «Altay Athletics» спортшысы жарыс жолын еңсеруге 1 сағат 5 минут 43 секунд жұмсап, мәреге екінші орын алған израильдік Салпетер Чемтаиден шамамен жарты минутқа ерте келді.


Айта кетейік, бұл Каролинның «Sportisimo Prague Half Marathon» жарыстарында жеңген алғашқы жүлдесі емес. Былтырғы бәсекеде отандасымыз аталмыш қашықтықты 1 сағат 6 минут 9 секундта жүгіріп өтіп, екінші орын иегері атанған болатын.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив