KZ
Өскемен
+33°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
474.83 515.38 5.5

Адай тұқымдас жылқылар – ұлттық бренд

ҚР Әділет министрлігінен

31.12.2023, 21:45 3 799 Назерке Каримова

Әділет министрлігі Адай жылқылардың 6 түрін жаңа ұлттық бренд ретінде тіркеді

Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

- 28 желтоқсанда Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК Ауыл шаруашылығы министрлігі Апробация жөніндегі мемлекеттік комиссиясының қорытындысы негізінде селекциялық жетістікке алты патент беру туралы шешім қабылдады және селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеді, - деді Талғат Уәли. - Осының негізінде Адай жылқысының жаңа тұқымдарын ҚР селекциялық жетістігі ретінде тіркеу және патент иеленушінің селекциялық жетістікті пайдалануға айрықша құқығын, оның басымдығы мен селекционердің авторлығын куәландыратын патенттер берді.

2023 жылғы 29 желтоқсанда патенттер беру туралы мәліметтер ресми бюллетеньде жарияланды.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысына сапарының қорытындысы бойынша Үкіметке Адай асыл тұқымды жылқысын ғылыми тұрғыдан дәлелдеу және өсімін молайту бойынша жедел жұмыс жүргізу туралы тапсырма берілген болатын.

Министрлік өкілі Талғат Уәли Адай жылқысының жаңа тұқымдарына патент алу оны одан әрі сақтауға, іріктеуге және Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив